RU
"Екі ай ауруханада жаттым": Отандық белгілі актер қандай дертпен күрескенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Екі ай ауруханада жаттым": Отандық белгілі актер қандай дертпен күрескенін айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық актер Әбунасыр Серіков денсаулығына байланысты көп сериалдар мен фильмдерден бас тартқанын айтты. Бұл туралы ол "Headliner weekend" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбунасыр Серіков. Фото: Видеодан кадр/ Zhauap ber; Kaztube.kz

Әбунасыр Серіков. Фото: Видеодан кадр/ Zhauap ber; Kaztube.kz

Көпшілікке қызықты рөлдерімен қуанышты көңіл-күй сыйлай білетін актер өзіне бірнеше дерттің жабысқанын айтты.

"Қант, грыжа, өкпе ауруы. Бірінші Алла. Алладан шипасын берсін деп тілеп отырамыз. Әрі емделіп, әрі жұмыс та істеп жатырмыз. Менің өкпеме суық тиген. Пневмонияға өткен. Шымкентке барғанда тексеріп, өкпемді, қантымды көрді де бір жарым-екі айға жатқызып тастады. Емделіп келдім. Көп халық емшілеріне бардым. Солардың бәріне рахметімді айтамын",- деді актер.

Сонымен қатар, Әбунасыр Серіков денсаулығына байланысты көптеген жобалардан бас тартқанын түсіндірді.

"Қазір жақсырақ қой. Бұрын "Бауыржан-шоуда" жүрген кезде қай қонақүйге, қай мәдениет үйіне барсаң да, барлық жер суық болды. Мотормен концерт қоятынбыз. Қонақ үйде де жарық болғанмен, батарея жұмыс істемейді. Содан ауырды да көтердік, жеңілді де көтердік. Біраз сериалдардан, кинолардан бас тарттым. Себебі, 20 күнде емделмесем болмайды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel