RU
"Видеоға түсірген": Шымкентте сыныптасын зорлаған 17 жастағы екі жігіт сотталды
Жаңалықтар Қоғам

"Видеоға түсірген": Шымкентте сыныптасын зорлаған 17 жастағы екі жігіт сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 17 жастағы екі жасөспірім сыныптас қыздарын зорлап, оны видеоға түсіргені үшін сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сөйтіп, қылмыстық жұп зардап шегушіден ақша талап еткен. Егер, талапты орныдамаса видеоны әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді таратамыз деп қорқытқан. Зорланған қыз суицид жасамақшы болған. Қуанышқа орай, оны құтқарып қалған.

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі жігітке үкім шықты. Екі айыпталушы да зорлау және бопсалау бойынша кінәлі деп танылды.

Алайда, сот кәмелет жасына толмағандықтарына байланысты оларды бас бостандығынан бес жылға айырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
14
3
10
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel