RU
Екі ай бойы жөтеліп, дәрігерге қаралған азамат 16 күннен кейін көз жұмды

Екі ай бойы жөтеліп, дәрігерге қаралған азамат 16 күннен кейін көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Тревор Уокер есімді британиялық азамат жөтелінің себебін білгеннен кейін өзін жайсыз сезініп, 16 күннің ішінде қайтыс болды. Дәрігерлер оның ішегінен қатерлі ісік тапты деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pіxabay

Көрнекі сурет: pіxabay

Басылымның мәліметінше, темір шебері болып еңбек еткен ер адам екі ай бойы үздіксіз жөтелген.

Алғашында жақындары 56 жастағы Уокер инфекция жұқтырып алды деп ойлаған көрінеді.

Алайда әрігерлер британиялық азаматтың ішегінен қатерлі ісік тапқан. Сондай-ақ, ауруы асқынып, өкпесіне тарағанын анықтапты.

Ақ халаттылар Уокердің үш аптадай өмірі қалғанын жасырмай айтқан.

Алайда ол қауіпті диагнозын білгеннен кейін 16 күннің ішінде қайтыс болған.

Британиялық азаматпен бірге 24 жыл тұрған жұбайы күйеуінің салауатты өмір салтын ұстанғанын жеткізді.

Уокердің 30 жыл бұрын темекіні тастағаны, ішімдік те ішпегені белгілі болды.

Әйел адамның сөзінше, күйеуінен әлсіздік пен жөтелден басқа, қатерлі аурудың көзге көрінерлік белгілері байқалмаған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
4
11
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel