RU
Екі ұлын қатар сүндеттеген Құрмаш Махан қуанышымен бөлісті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Екі ұлын қатар сүндеттеген Құрмаш Махан қуанышымен бөлісті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Құрмаш Мақан екі ұлын қатар сүндеттегенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қуанышын Instagram парақшасында бөліскен.

"Тараздағы қара шаңыраққа қыдырып келіп, Сыдық пен Омар ұлдарым жігіт болды. Аллаға сансыз мақтаулармен шүкіршілік айтудамыз", - деп жазды әнші.

Құрмаш Мақанның бұл жаңалығын жылышыраймен қабылдаған өнердегі достары мен желі қолданушылары жарыса пікір білдірген.

"Құтты болсын", "Үлкен жігіт болып өссін", "Мұсылман болғаны құтты болсын", "Ер-азамат болып өссін" деп жазды желідегілер.

Ал әнші өзіне жылы лебізін жаудырған көпшілікке алғыс білдірді.

"Баршаңызға үлкен рақмет. Ниет, тілектеріңізге Алла разы болсын! Қабыл етсін", - деп жазды Құрмаш Мақан.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel