Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төбелес бітпейді": Ажырасқан қайын ағасынан шаршаған жүкті әйел сырын айтты

Опубликовано:

Бүгінде бір жанұяның түтінін түтетіп, бір ұлды тәрбиелеп отырған келіншек жанұясындағы қиындықтар туралы айтты. Ол ажырасқан қайын ағасынан қатты шаршағанын тілге тиек етті деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қайын ағам əйелімен ажырасып кеткен, яғни қазір бізбен бір үйде тұрады. Күнде арақ ішеді, күнде мас болып келіп, үйдің берекесін алады. Ұйықтап қалса, үндемес едім, келіп төбелес шығарады, әкесімен, бауырларымен бір - біріне пышақ алып жүгіреді",- деп бастады ол әңгімесін.

Келіншектің сөзінше, баласына ерегіскен қайын атасы да ішімдіктің досына айналыпты.

"Екеуі төбелеседі. Біздің үйде аптасына 2 рет осындай төбелес, ұлым 5 айлық, өзім жақында тағы аяғымның ауыр екенін білдім. Атам мен қайын ағам төбелескенде кесе, шəйнек бəрін лақтырып, бəрін сындырады. Енем мен баламды алып, атам ұйықтағанша далада жүреміз. Ал жолдасым соларды ажыратып, араларына түсіп əлек",- деді әйел.

Төбелесі бітпейтін үйде тұрып шаршаған келіншек іштегі баласын ойлап, уайымдап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811763-tbeles-bitpejdi-azyraskan-kajyn-agasynan-sarsagan-zkti-jel-syryn-ajtty/

pixel