RU
Ерлан Қожағапанов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Қожағапанов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Қазақстан президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ерлан Қожағапанов. Фото: prosports.kz

Ерлан Қожағапанов. Фото: prosports.kz

1968 жылы дүниеге келген Қожағапанов 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін "Қаржы", 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Ресей кеден академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдап, 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен.

1990 жылдан 1994 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

1994 жылдан 2007 жылға дейін мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда еңбек еткен.

2007 жылдан 2013 жылға дейін Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарса, 2013-2016 жылдары Қазақстан Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап ҚР мәдениет және спорт вице-министрі атанды.

Өз кезегінде бұл қызметті бұрын атқарған Ерлан Әукенов өз еркімен жұмыстан кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel