RU
Алматылық альпинистерді құтқару операциясы: Тауда қар көшкіні жүрді (фото)

Алматылық альпинистерді құтқару операциясы: Тауда қар көшкіні жүрді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан тауларындағы алматылық альпинистерді құтқару операциясы жалғасуда. Құтқарушылардың жұмысына қолайсыз ауа-райы мен қар көшкіні кедергі келтіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/sagintayev.b

Фото: instagram.com/sagintayev.b

Қазақстан СІМ ақпараты бойынша, туркомпанияның тікұшағы алдьпинистер жоғалуы мүмкін төңіректі бірнеше рет айналып ұшты. Алайда, таудан көшкен қардың салдарынан аймақ түгелдей қар құрсауында қалғандықтан, бұл әрекет еш нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарын қолайсыз ауа райы қиындатуда. Одан бөлек, таудан 4,5 мың метр биікке ұшуға рұқсат етілгендігі құтқару операциясын қиындатуда. Ал, альпинистер 7 мың метрге жуық биіктікке көтеріліп кеткен.

Фото: instagram.com/sagintayev.b

Фото: instagram.com/sagintayev.b

Ведомстваның дерегінше, ҚР елшілігінде жоғалған альпинистерді іздеу үшін барынша көмек көрсететін жедел штаб құрылған.

Алматы әкімі Бақытжан сағынтаевтың хабарлауынша,и құтқару операциясы жалғасуда. Іздеу жұмыстарына ҚР Қорғаныс министрлігі де кіріскен. Жақын арада әскери альпинистер Хан-Тәңірі шыңының төменгі жағында орналасқанр "Қарқара" лагеріне жіберіледі.

Фото: instagram.com/sagintayev.b

Фото: instagram.com/sagintayev.b

Әкімнің сөзінше, құтқару отряды осы жерден «Қазавиақұтқарудың» тікұшағымен жоғалған альпинистер тіркелген «AK-SAI TRAVEL» туркомпаниясының лагеріне барады.

"Осы жерден олар «Қазавиақұтқарудың» МИ-703 (171) тікұшағымен шекарадан өтетін «Кеген» пункті арқылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қаракөл қаласына жіберіледі. Құтқару отряды жоғалған альпинистер тіркелген «AK-SAI TRAVEL» туркомпаниясының лагеріне барады. Олар қажетті қондырғылармен толық жабдықталған",- деп жазды әкім.

Еске салсақ, өткен аптада үш алматылық Тянь-Шань шыңын бағындырмақ болып, тауға аттанған. Олар белігіленген жерге жеткен, алайда, олардың біреуі қайтыс болып, екеуі жоғалып кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel