Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті білмеген блогерлер ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, ату жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбековті білмеген Байзақова мен сұхбат алушы блогерлер ұятқа қалды. Digistan Youtube жобасына сұхбат берген танымал инста-жұлдыздардың видеосын Әлия Исенова өз Instagram парақшасына жүктеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Рысқұлбеков. Фото: martebe.kz/Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova
Қайрат Рысқұлбеков. Фото: martebe.kz/Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova: Facebook

Журналист 1986 жылы тәуелсіздік үшін көтеріліске күрескен батырды танымаған блогерлерді сынап тастады.

"Рысқұлбеков деген кім? Білмеймін. Ааа Талғат Рысқұлбеков, 1986 жылы..." Қазақстандағы әйгілі төрт блогердің әңгімесі. Сіздер де халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті білмейсіздер ме? Ол біздің Тәуелсіздік үшін көз жұмды! Бұларың не? Тым болмаса Google-дан іздеп көрсеңдерші",- деді ол.

Видеоға назар салсақ, әңгіме Айжан Байзақованың тергеу изоляторына тоғытылған кезіндегі жағдай туралы өрбіген.

"Мені неге жауып тастады. Себебі, Рысқұлбеков митинг ұйымдастырып, қорқытты. Содан соң маған өз қауіпсіздігім үшін мені жабу керектігін айтты",- деді атышулы блогер.

Осы тұста жоба тізгінін ұстаған Бейбіт Әлібеков Рысқұлбековтің кім екенін қайта сұрады.

Бағдарлама қонағы Мұрат Данияр (Jurttyn balasy) оның кім екенін білмеймін десе, Айжан Байзақова "Рысқұлбеков, менің ойымша, 1986 жылы... Талғат Рысқұлбековтің інісі" деп жауап қатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811781-zeltoksan-kaarmany-kajrat-rysklbekovti-bilmegen-blogerler-atka-kaldy-video/

pixel