Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ас дайындап, ұйықтап кеткен: ШҚО тұрғыны қызымен бірге өртеніп кете жаздады (фото)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында тұрғылықты жеке үйден шыққан жалыннан 44 жастағы әйел мен бала өртеніп кете жаздады. Зардап шегуші түскі ас дайындаған соң баласының жанына жатып, ұйықтап кеткен деп хабарлайды облыстық ТЖД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: Depositphotos

Оқиға 18 тамызда Ұлан ауданындағы Пролетарка ауылында болған.

"44 жастағы ауыл тұрғыны түскі ас дайындаған, содан соң төрт жастағы қызының жанына жатып, ұйықтап қалған", - делінген ведомство хабарламасында.

Өртті бірінші болып байқаған кішкентай қыз оянып, анасын тұрғызған. Баласының оятуынан соң есін жиған әйел өз-өзіне келіп, қызын алып үйден шықпақ болыпты.

Алайда, өрт ас үй мен дәлізді шарпып алған соң, есікке жақындау мүмкін болмаған.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: Depositphotos
Өзі мен баласын құтқаруға тырысқан әйел үйдің терезелерінің бірін сындырып, қызын сыртқа шығарып үлгерген.

Зардап шегуші түтіннен уланып, есінен танып қалыпты. Оның үстіне, үйге кірген ауаның күшімен от одан әрі қатты жанған.

Сынған терезелердің дауысы көрші тұратын ер адамдардың назарын аударған. Сөйтіп, көршісі әйелді құтқаруға келген.

Ол сынған терезеден кіріп, көршісін сыртқа шығарыпты. Артынша, зардап шегушіні ауыр хәлде шұғыл ауруханаға жеткізген.

Қазіргі таңда ол токсикология бөлімінде жатыр.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: Depositphotos

Ұлан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Ерасыл Қадырбековтың айтуынша, өрт сөндірушілер оқыс оқиғамен арасы 20 шақырым болатын көрші Таврия ауылынан барған.

Өрт сөндірушілер жалын орнына келгенде, өрт бүкіл үйді қамтыған.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: Depositphotos

Өртті сөндіруге 2 сағатқа жуық уақыт кеткен. Ал жжалын салдарынан 135 шаршы метр аумақ зардап шекті.

Әзірге өрттің нақты шығу себебі белгісіз. Алайда, зардап шегуші қыздың айтуынша, ұйықтар алдында анасы плитаға түскі асы бар кәстрөлді қойған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ас үйден шыққан.

Кішкентай қыз әкесімен бірге көршілерінің үйіне уақытша қоныстанған.

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1811782-as-dajyndap-jyktap-ketken-sko-da-jel-men-kyzy-rtenip-kete-zazdady-foto/

pixel