RU
Алматыда Әл-Фараби көшесіндегі жылдамдық сағатына 80 шақырым боп өзгермекші
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Әл-Фараби көшесіндегі жылдамдық сағатына 80 шақырым боп өзгермекші

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылында енді сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүру мүмкін болмақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ-ке қала әкімдігі хабарлады.

Әл-Фараби даңғылы. Фото: NUR.KZ

Әл-Фараби даңғылы. Фото: NUR.KZ

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек үлкен даңғылдағы жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін шектеу туралы тапсырма берді.

Осылайша Әл-Фараби көшесіндегі жол-көлік оқиғаларының саны қысқаруы керек еді.

2019 жылдың 15 қаңтарында жаңа заң өз күшіне енді.

Осыған орай, Алматы тұрғыны Әмір Бегдесенов жергілікті билікті қарапайым лимит үшін сотқа берген болатын, алайда жеңіліс тапқан.

Эколог төменгі жылдамдық автомобиль отыны шығынының артуына байланысты керісінше қала экологиясына зиян келтіретінін атап өтті. Ол көлік қозғалысы кезінде пайдаланылған газдардың көбеюіне әкеп соғады.

KAZ.NUR.KZ сауалнамасы кезінде алматылықтар жаңа әкім Бақытжан Сағынтаевтың Әл-Фарабидегі жылдамдықты сағатына 80 шақырымға көтеретінін күтетінін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel