RU

Аласа аттың үстінде билеген әйел желіде жұлдыз болды

Аттың үстіне шығып, қазақ әніне билеген видеосы тарап кеткен әйел әлеуметтік желіде жұлдыз болды. Бейнежазба Instagram желісіндегі қырғызстандық omks_video парақшасында пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: Facebook

Аталмыш видео үш күннің ішінде 160 мыңнан астам қаралым мен 700 ден аса пікір жинаған.

Кадрлардан биші әйелдің көңіл-күйі көтеріңкі екенін аңғаруға болады. Аттың үстінде тұрған әйел батыл әрекет көрсетеді.

"Тіпті жастар да бұлай жасай алмайды", - деп жазды парақша әкімшілігі.

Әдеттегідей, желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Біреуі жылқыны аяса, енді бірі видоны монтаж деді. Ал, үшіншілері күлкіге қарық болып, кейіпкерге ұзақ өмір тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811788-alasa-atty-stinde-bilegen-jel-zelide-zldyz-boldy.html