RU
Қарағандылық депутат күзетшіні ұрды деген айыпты жоққа шығарды

Қарағандылық депутат күзетшіні ұрды деген айыпты жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты "жұмыс орнында ұрды" деген күзетші Бахтияр Қамзиннің арызын жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бейбіт Досжановтың хабарлауынша, оның бар кінәсі - келеңсіз оқиғаның оның жеке тұрғын үйінің аумағында болғанында екен.

"Күзет басшысы мен Казмин арасында жанжал болды. Мен ешкімге тиіскен жоқпын, ұрған жоқпын, қол көтермедім. Мен жұмыстан келіп, посттағы күзетішінің ұйықтап жатқанын көрдім. Мен оған ақша төлеймін, ал ол ұйықтайды. Мен оны видеоға түсірдім де, күзет басшысын шақырдым. Болған оқиға осы", - деді депутат.

Досжановтың айтуынша, мәселе күзетшіні жұмыстан шығарумен шешілмек.

Ал, күзетші жазған арызды полиция тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізу тағайындалған.

Естеріңізге салсақ, күзетші депутатты өзіне қол көтерді деп айыптаған болатын. Ол постта ұйықтап қалғанын және бетіне тиген соққыдан оянғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel