Елбасы Нұр-Сұлтанда бизнеске жағдай жасауды Көлгіновке тапсырды
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, тапсырма алды. Елорда басшысы Тұңғыш президентке тұрғындардың хал-ахуалы туралы баяндаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
"ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қабылдауында болып, елорданың қазіргі экономикалық дамуы жөнінде және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру шаралары туралы баяндадым", - деп жазды Көлгінов өз жазбасында.
Нұрсұлтан Назарбаев еорда басшысына әлеуметтік мәселелерге, сонымен қатар, бас қалаға инвестиция тартуды және Нұр-Сұлтан қаласында орта және шағын бизнеске жағдай жасауға басымдық беру керектігін тапсырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811814-elbasy-nr-sltanda-bizneske-zagdaj-zasaudy-klginovke-tapsyrdy/