RU
Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы қайта қаралмақ
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы қайта қаралмақ

Рассказать Вконтакте

Алматыда өткен педагог қызметкерлердің форумында білім министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысын қайта қарау қажеттігін, себебі олардың әрқайсысы қосымша ауыртпашылық арқалап жүргенін айтты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Өз сөзінде Аймағамбетов мектеп директорларының еңбек өтілі әр түрлі екенін алға тартты. Олардың бірі бес жыл жұмыс істесе, енді бірі 20 жыл еңбек етуде. Сол себепті, оның пікірінше, білім саласында ротация жүйесін енгізген дұрыс.

БҒМ басшысы қазіргі уақытта мектеп директорлары тек қана оқу мекемесін басқарып қана қоймай, сабақ беретінін тілге тиек етті. Сондықтан, оның пікірінше, оларға жалақы төлеу тәсілін қайта қарау қажет.

Асхат Аймағамбетов ведомствода оқу мекемелері басшыларына берілетін бірінші, екінші және үшінші біліктілік санаттарын енгізу жұмыстарымен айналысып жатқанын айтты.

Осының арқасында директорлар тиісінше 100%, 50% және 30% үстеме ақы алатын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel