RU
Али Шпекбаев Тоқаевқа елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Али Шпекбаев Тоқаевқа елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Али Шпекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында. Фото: Ақорда

Али Шпекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында. Фото: Ақорда

Кездеу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 7 айдағы жұмыстарының негізгі нәтижелері мен ведомствоны қайта құру шараларын ұйымдастыру туралы баяндалды.

Алик Шпекбаев президентке Агенттік құрылымында жаңадан құрылған бес департамент: алдын алу, парасаттылық, серіктестік, квазимемлекеттік сектордағы, құқық қорғау және сот органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу департаменттерінің жаңадан құрылғаны жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес барысында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық және ұйымдастыру шараларын уақтылы қабылдау қажеттігін атап өтті.

Соның ішінде, Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын қызметінен босату институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерді сараптамадан өткізуді қайта қалпына келтіру, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз баюы, кіріс және шығыс декларацияларын жариялау жауапкершілігі жөніндегі шаралардың маңыздылығына назар аударды. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel