Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі күн бойы вокзалда жүрміз": Алматыда балалары үшін алыстан келген ата-аналар шу шығарды

Опубликовано:

Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университіне оқуға түскен бірінші крус студенттерінің ата-аналары жатақханада орын жоқтығын айтып, жанақайын жеткізді. Базынасын арқалағандардың дені еліміздің әр түпкірінен келген деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу универсиетінің маңайы күнде жиын, күнде дүрбелең. Грантқа түскен баласын жетектеп, жатақханадан орын таппаған ата-аналар кезекке алдын-ала онлайн тіркелгенін айтады.

Алыстан артынып-тартынып жеткен бойда құжаттарын түгендеп, жатақхананың ақысын төлеп үлгеріпті. Алайда жатақханада орын жоқтығын естіген.  

Қарашаш Башкенова. Кадр КТК арнасы
Қарашаш Башкенова. Кадр КТК арнасы: Depositphotos
"Біз алыстан келдік, Павлодар облысынан. Грант бойынша. Екі күн бойы вокзалда жүрміз. Баланы апаратын жер жоқ. Көпбалалы отбасымыз", - дейді Қарашаш Башкенова.

Әйел адамның сөзінше, бірінші курста жатақхана берілетінін айтыпты, алайда қазір жатақхананың жоқтығын жеткізіп, күйінді.

Тағы бір ата-ана Ақмарал Есбергенованың сөзінше, жатақханаға ақшасын төлеген, тіпті медкомиссиядан өтіп қойған. Алайда бұл тұрғынға да орын жоқтығын айтқан.

"Негізі, алыстан келген біздерге жатақхана болады деген. Оның үстіне бірінші курс, грантпен түскен", - дейді келіншек.
Ақмарал Есбергенова Кадр КТК арнасы
Ақмарал Есбергенова Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Ал бұған қатысты жауап берген оқу ордасының өкілдері ата-аналардың жанайқайын жоққа шығарды. Олардың пікірінше, биыл университетке 2360 талапкер оқуға түссе, оның жартысына жуығы жатақханада тұруға өтініш беріпті.

Барлығын қамтамасыз етуге шамамыз жетеді деген басшылық, ата-аналар асығыстық танытып отырғанын айтты. 

"Кейбір ата-аналар осы күндерін жатақханада, баласымен бірге өткізгісі келеді. Ол ешқашан мүмкін емес. Бізге электронды түрде 1037 өтініш түсті. Ал жатақханамызда 1155 адамға орын бар. Толықтай жетеді. Бірақ оларды  тамыздың 21-нен бастап ғана орналастыра аламыз. Оған дейін еш көмек бере алмаймыз", - дейді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры Ринат Ысқақов.

Дегенмен бірнеше күннен бері оқу ордасының табалдырығын тоздырған ата-аналардың қабылдау бөлімінің алдынан кеткісі жоқ. Бәрінің көкейінде сенімнен гөрі күдік басым. Әсіресе, бүгін-ертең кері қайтуға билет алып қойғандары әлі оң-солын танымаған баласын кімге табыстап кетерін білмейді.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811825-eki-kn-bojy-vokzalda-zrmiz-almatyda-balalary-sin-alystan-kelgen-ata-analar-su-sygardy/

pixel