RU
Бабановты жауап алуға шақырды

Бабановты жауап алуға шақырды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Экономикалық қылмыстармен күрес бойынша мемлекеттік қызметі Өмірбек Бабановты жауап алуға шақырды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бабанов Экономикалық қылмыстармен күрес бойынша мемлекеттік қызметте. Одан жауап алынуда", - деп мәлімдеді Sputnik Қырғызстан тілшісіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қырғызстанның президент сайлауында Өмірбек Бабанов екінші орын алған болатын. Біршама уақыттан кейін ол елден қоныс аударып, саясаттан кететінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Өмірбек Бабанов екі қылмыстық іс бойынша айыпталып жатыр.

Біріншісі – Ош қаласының "Әмір Темір" шағын ауданында негізсіз, арандатушылық мәлімдемелер жасауы. Ал екіншісі – билікті күшпен басып алуға және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындық жүргізуі.

Өмірбек Бабанов Қырғызстанға биылғы жылдың 13 ақпанында келмек болған. Алайда, елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оған қарсы қылмыстық істер қозғалғанын еске салды.

Кейіннен саясаткер арандатушылық әрекеттер болуы мүмкін екенін алға тартып, елге оралмауға шешім қабылдағанын айтты.

Дегенмен "Республика — Ата Жұрт" фракциясының экс-көшбасшысы Өмірбек Бабанов 9 тамызда Қырғызстанға оралды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel