RU
Гүлнәр Каримоваға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Гүлнәр Каримоваға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан Бас прокуратурасы елдің бірінші президентінің қызы Гүлнәр Каримоваға қарсы жаңа қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді деп хабарлайды ведомствоның ақпарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлнәр Каримова. Фото: Yves Forestier/Getty Images

Гүлнәр Каримова. Фото: Yves Forestier/Getty Images

Гүлнәр Каримова мемлекет қаражатын жымқыру, республика мүддесіне қайшы келетін келісімдер жасау және бопсалау жолымен аса ірі көлемде біреудің меншігін иемдену бойынша айыпталуда.

Халықаралық компания мен жекелеген азаматтардың арыздары бойынша тексерілген материалдар жаңа тергеу амалдарына негіз болған.

"Гүлнәр Каримованың өзге тұлғалармен келісу арқылы мемлекетке тиесілі "Кувасайцемент" және "Бекабадцемент" АҚ-ларының акциялар пакетін төмендетілген бағамен сатып алғаны анықталды", - деп хабарлады Өзбекстан прокуратурасы.

Тергеу болжамы бойынша, кейіннен Гүлнәр Каримова бұл акцияларды өз қамқорлығындағы шетелдік компанияларға қайта сатып отырған. Нәтижесінде Өзбекстан экономикасына аса ірі көлемде шығын келтірілген.

Сондай-ақ экс-президенттің қызы азаматтар мен кәсіпкерлердің мүліктерін зорлықпен өз компанияларының атына аудартқан деп айыпталуда.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel