RU
Сондерс: Головкинді айқын басымдықпен жеңетініме сенімдімін

Сондерс: Головкинді айқын басымдықпен жеңетініме сенімдімін

Рассказать Вконтакте

Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық боксшы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкин мен Сауль Альваресті жеңуге қауқары жететінін мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен барлығы тәнті болған Головкин мен "Канелоның" жекпе-жектерін көрдім. Екеуін де жеңе аламын деп ойлаймын. Қазір 29 жастамын, нағыз жанып тұрған шағым. Егер 37 жастағы Геннадийді жеңе алмасам, онда бірдеңе дұрыс емес деген сөз", - дейді Билли Джо Сондерс.

Ол Головкинді айқын басымдықпен жеңетініне сенім білдірді.

"Мен онымен өзі қалаған кез келген салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығуға дайынмын. Мен оны оңайлықпен жеңетінімді бүкіл әлемге көрсетемін. Головкинді "Конелоға" қарағанда айқын басымдықпен жеңемін. Сол кезде барлығы "Канело" екеуміздің жекпе-жек өткізуімізді талап ететін болады", - дейді британиялық боксшы.

Сондерс өзінің бокс стилі Сауль Альвареске қиындық туғызады деп есептейді.

"Ол Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жекте біраз қиындыққа тап болды. Менің ойымша сол кездесуде кубалық жеңді. Және ол кез "Канелоның" жанып тұрған шағы болатын", - дейді Билли Джо Сондерс.
Сіздің реакцияңыз
1
4
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel