Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы Маралды көлінде қарулы қақтығыс орын алды (видео)

Опубликовано:

Павлодар облысындағы Маралды көлінің жағалауында қарулы қақтығыс орын алды. Жергілікті тұрғындар мен күзет фирмасының қызметкерлері арасында өзара түсініспеушілік туындаған деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Полицияның хабарлауынша, оқиға 18 тамыз күні кешкі уақытта орын алды. Күзет агенттігінің қызметкерлері мотоциклінен артемия салина шаяндарының екі қабы табылған Маралды ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстаған.

Нәтижесінде оқиға орнынан жергілікті тұрғындар келіп жеткен. Ауылдастар мен күзет фирмасының қызметкерлері арасында келіспеушілік туындап, артынан ол төбелеске ұласты.

Оған қоса, жергілікті тұрғындардың күзет агенттігіне тиесілі қызметтік көлікті айдап кетті. Темір тұлпар бірамз уақыттан соң, оқиға орнынан бір шақырым жерден табылған.

"Ушығып бара жатқандықтан оқиға барысында күзет агенттігінің қызметкерлері бұл төбелеске қатысқан жергілікті тұрғындарға қатысты резеңке оқтары бар қызметтік травматикалық қарулар қолданған" , - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Төтенше жағдай орын алған жерге ЖҚАЖ сарбаздары келген. Полицейлер төбелесті тоқтату үшін травматикалық пистолеттен оқ атуға мәжбүр болды. Бұдан кейін қақтығысқа қатысы бар жергілікті тұрғындар оқиға орнынан кетіп қалды.

Сол түні Шербақты ауданының Жылыбұлақ ауылының бес тұрғыны павлодарлық қалалық ауруханаға түрлі жарақаттармен жүгінген.

Оқтға орнынан күзет агенттігінің қызметкерлеріне тиесілі екі травматикалық қару мен атылған гильзалар тәркіленді.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер қақтығыстың себеп-салдарын анықтап, оқиғаға қатысы бар екі тараптың да қаншалықты кінәлі екенін анықтау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811857-pavlodar-oblysyndagy-maraldy-klinde-karuly-kaktygys-oryn-aldy-video/

pixel