RU
"Әйелін қызғанған": Жамбыл облысында ауыл имамы досын пышақтап өлтіріп, өзі асылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Әйелін қызғанған": Жамбыл облысында ауыл имамы досын пышақтап өлтіріп, өзі асылып қалды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылының имамы құрдас досын пышақтап өлтіріп, артынша өзі асылып қалған. Алайда тақуа кісінің тай-құлындай бірге өскен замандасын не себепті ажал құштырғаны әзірге белгісіз деп хабарлайды КТК арнасы.

имаммм

Видеодан алынған скриншот: КТК

"51 жастағы азамат ас бөлмесіндегі пышағын алып шығып, көршісіне пышақ салып, ол оқиға орнында қаза болған. Артынша көршісінің мерт болғанына көзі жеткен имам ауланың аяқ жағына барып, жіпке асылып өлген", - дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Дәулетжан Бектембаев.

Жаға ұстатарлық оқиға 51 жастағы азаматтың қорасында болыпты. Жүрек тұсына пышақ сұғылған азамат сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Екі марқұм бір-бірімен түйдей құрдас. Қансырап өлген кісі бойдақ, ал асылып қалған азаматтың үш баласы мен жары бар.

Кішкентайынан бірге өскен достар арасындағы дауға әйел себеп болуы мүмкін деген қауесет ел арасында тарап жатыр.

Көпшіліктің айтуынша, 15 жыл бойы имам болған ер адам жұбайын құрдасынан қызғанған деседі. Бірақ бұл қаңқу сөзді әзірге құзырлы орын растаған жоқ.

Қазір бұл жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
1
4
4
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel