RU
Байқоңырда өзінің 5 жасар қызына аялдамада тиіскен азамат елді шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Байқоңырда өзінің 5 жасар қызына аялдамада тиіскен азамат елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Байқоңыр тұрғыны өзінің бес жасар қызына сексуалды әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы РФ ТК тергеу бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға 16 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Королев даңғылында орналасқан автобус аялдамасында болды.

Оқиға куәгерлері кішкентай қызға қатысты ерсі әрекеттер жасап жатқан ер адамды көріп қалған. Тұрғындар оны бірден тоқтатып, оқиға орнына полиция шақыртыпты.

Кейіннен 33 жастағы азамат бүлдіршіннің әкесі болып шыққан.

Тұтқындалған ер адамға қатысты кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа итермелеуге қарсы құқық бұзушылығы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда күдіктіні қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
6
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel