RU
Ақмола облысында қауіпті дерт анықталды: Дәрігерлер шұғыл брифинг өткізді

Ақмола облысында қауіпті дерт анықталды: Дәрігерлер шұғыл брифинг өткізді

Рассказать Вконтакте

Санитарлық дәрігерлер Көкшетауда шұғыл брифинг өткізіп, Ольгинка ауылындағы карантин мен Сібір жарасын жұқтырған адамдар туралы баяндап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мамандардың айтуынша, 1-6 тамыз аралығында Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында екі ірі қара шұғыл түрде сойылған. Сібір жарасы дәл осы малдан тарады деген болжам бар. Бүгінде төрт адамның диагнозы расталды.

Облыстық қоғамдық денсалық сақтау департаменті басшысының орынбасары Айнагүл Мусинаның сөзінше, қазір кезде қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.

"Біз полимеразды тізбекті реакция әдісімен зерттеу жүргіздік. Төрт адамда Сібір жарасының қоздырғышы анықталды. Қазір қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижесі шамамен аптаның соңында шығады", - дейді Мусина.

Бүгінде Ольгинка ауылында 15 күндік карантин жарияланған. Ауылдан малдың сүті, еті мен терісін шығаруға тыйым салынған. Ал Аршалы ауданында арнайы штаб құрылды. Мамандар арнайы санитарлық шаралар жүргізуде. Ауылдың малы бақылауға алынды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel