Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүрлікпеу керек: Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі өңір тұрғындарына үндеу жасап, хабарландыру жүйесінің тексерісіне байланысты сабырлық танытуды сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Ведомствоның мәліметінше, электр сиреналар 21 тамыз күні сағат 12:00 шамасында 30 секундқа қосылатын болады.

Сол себепті, жергілікті тұрғындарды дүрлікпей, бұл маңызды процедураға түсіністікпен қарауға шақырды.

Оған қоса, департамент өкілдері ТЖ болғанын хабарлайтын сиренаны естігенде қалай әрекет ету керектігін еске салды.

Егер ол кезде үйде болсаңыз радио немес теледидардан шұғыл хабарламаны тыңдап, онда айтылған мағлұматтарға сәйкес қимылдау қажет.

Ал егер далада болып қалған жағдайда дауыс зорайтқыштардан шыққан хабарламаны мұқият тыңдап, келтірілген ақпаратқа сәйкес әрекет ету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811872-drlikpeu-kerek-almaty-oblystyk-tzd-trgyndarga-ndeu-zasady/

pixel