RU
"Клубта жүргендей": Қауын-қарбыз үшін жұлқына билеген қыздар сынға ілікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Клубта жүргендей": Қауын-қарбыз үшін жұлқына билеген қыздар сынға ілікті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде тойға келген жас қыздардың жұлқына билеген видеосы тарап кетті. Қызығы, думанды кештің қонағы болған нәзік жандылардың бұл өнеріне риза болған асаба оларға қауын-қарбыз сыйға тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар. Instagram/ kazakh.toy

Фото: Видеодан кадрлар. Instagram/ kazakh.toy

Бейнежазба @kazakh.toy парақшасында пайда болған.

Тез арада желіні шарлап кеткен видеода тойдағы қыздардың биі көрсетілген. Олар асаба ұйымдастырған ойынға қатысқан деп болжауға болады.

Алайда, қуанышты күні көңіл көтерген бикештердің бірі желі қолданушыларының көңілінен шыға қоймаған сыңайлы.

Себебі, олар өнерін көпке паш еткен арудың биін ерсі көріп отыр. Тіпті, кейбіреулер қызды "түнгі клубтағыдай" биледі деп сөгуде.

"Түнгі клубтағыдай билеп жүр", "Ой қыздар, билемеңдер", "Клубта жүргендей ғой", "Той емес, түнгі клуб сияқты", "Күшті билеп тұрмын деп тұр ғой ол қыз" деп жазды олар.

Желі оқырмандарының ішінде бойжеткенді жақтағандар да табылды.

Сіздің реакцияңыз
5
5
2
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel