RU
Боянып алған әйеліне ұн мен сүт шашқан Әсел Асқардың күйеуі елден сөз естіді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Боянып алған әйеліне ұн мен сүт шашқан Әсел Асқардың күйеуі елден сөз естіді

Рассказать Вконтакте

Әсел Асқардың күйеуі боянып алған келіншегін сыртқа шығармау үшін үстіне ұн мен сүт шашып, желіде аяусыз сынға ұшырады. Көпшілік жас жігітті халық арасында қасиетті саналатын азық-түлікті қорлады деп айыптап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіттің қарындасы жолдасының өзіне ұн мен сүт шашып жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

Сүйіктісі Әселді қыдыруға жібергісі келмеген көрінеді.

Сол себепті, ол боянып алып, сыртқа шығуға дайын болып тұрған жарын жібермеудің әдісін ойлап тапқан.

Алайда, инста-жұлдыздың күйеуінің азық-түлікті шашқаны қалың көпшілікке жақпай қалған.

Бірі оның тапқырлығына "тәнті" болып, қылығын әзілмен қабылдаса, енді бірі тамақты қорлады деп сынауға кіріскен.

"Аспен ойнағаны несі? Бұл тамаққа қол жеткізе алмай жүргендер бар ғой" , "Қандай күлкілі. Мен түрі былай тұрсын, бұдан кейін еденді жуғаным үшін кешірмес едім, " Ұнмен ойнауды тауыпсыңдар, масқара" , "Меніңше бұл әйелін сыйламаудың белгісі" , "Ысырап болды ғой" , "Ұн мен сүтті қор қылғаны жарамады" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
23
5
13
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel