RU
"Қуыршағым": Жазира Байырбекова өзін күйеуі қалай еркелететінін айтып берді

"Қуыршағым": Жазира Байырбекова өзін күйеуі қалай еркелететінін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Жазира Байырбекова күйеуінің өзін әлі күнге еркелететінін жасырмай ашып айтты деп жазады "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

18 жасында тұрмысқа шыққан әнші жары Жанболаттың өзін алақанында аялап келе жатқанын жасырмады.

"Жанболат әртүрлі сөздермен көп еркелетеді. "Қуыршағым" дейді. "Жаным" деп те айтады. Есімімді әлі күнге қысқартып көрмепті, "Жазира" дейді", - деді өнер иесі.

Сондай-ақ, Жазира Байырбекова күйеуінен жасырып, адамдарға қайырымдылық көрсеткенін жеткізді. Алайда әнші қазіргі таңда Жанболаттан ештеңе жасырмайтын болғанын да айтты.

"Осы 23 жыл күйеуіммен бірге тұрғанда түйгенім, әйел адам ерінің рұқсатынсыз бірнәрсе жасаса, оның берекесі болмайды екен. Күйеуімнен тығып, "Киім алам, бояу алам" деп, біреулерге көмектесіп жүрдім. Олар еш нәтижесіз. Қазір 5-6 жыл болды, не істесем де жасырмайтын болдым. Содан кейін "Күйеуімнің рұқсатынсыз ештеңе жасамаймын" деп өзіме уәде бердім", - деп ағынан жарылды әнші.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel