RU

Назарбаев: Бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне жетпеді

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақтың жері, туған өлке тақырыбындағы қанатты сөзі мен мұрағаттағы видеосы әлеуметтік желіде жарық көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Елбасының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі elbasy_nazarbaev парақшасында видео жариялады.

"Көптеген елдерді араладым. Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен", - делінген Назарбаевтың сөзіне сілтеме жасалған жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811904-nazarbaev-bri-de-zim-tuyp-sken-kazagymny-zerine-zetpedi.html