RU

Ақтөбе облысында пойыздың астына секірген әйел екі аяғынан айырылды

Алматы-Ақтөбе бағытында қатынайтын пойызға секірген әйел адам екі аяғынан айырылды. Аталған жағдай 19 тамыз күні Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясында орын алды деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Басылым 33 жастағы жергілікті тұрғын станция қызметкері болып табылатынын жазды.

Шалқар станциясының мәліметінше, куәгерлердің бірі әйел адам жолдың арасындағы платформада тұрғанын және қозғала бастаған пойыздың астына секіргенін жеткізді.

Жәбірленушіні аудандық ауруханаға жеткізгені, екі аяғы да тізеден жоғары кесілгені белгілі болды.

Басылымның хабарлауынша, әйел адам тұрмыста және оның үш баласы бар екен.

Айта кетейік, келеңсіз жағдай таңертең станция қызметкері түнгі ауысымнан шыққан кезде болған. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811915-aktbe-oblysynda-pojyzdy-astyna-sekirgen-jel-eki-aagynan-ajyryldy.html