RU
Азық-түлік бағасы қаншалықты қымбаттады: Экономика министрі жауап берді

Азық-түлік бағасы қаншалықты қымбаттады: Экономика министрі жауап берді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Дәленов. Фото: NUR.KZ

Руслан Дәленов. Фото: NUR.KZ

"Биылғы жылдың басынан бері инфляция 4-6% арнасында сақталып келеді. Жылдық инфляция 5,4% деңгейде, ал 2018 жылдың шілдесінде ол 5,9% құраған. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары едәуір ықпал етті (3,4%). Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9%-ға өскен", – деді министр.

Бағаның едәуір өсуі Нұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларында байқалады. Мысалы, астанада сәбіз – 2,4 есе, пияз – 85,5%, картоп – 82,4%, күріш – 21,6% және ұн – 20,8%-ға қымбаттаған.

Министрдің айтуынша, жалпы осы тауарлардың бағасы барлық өңірлерде қымбаттаған. Мәселен, пияз бағасының едәуір қымбаттауы (2,2 есе) Алматыда тіркелген. Нұр-Сұлтанда сәбіз (2,5 есе) және картоп (94,1%), Батыс Қазақстан облысында қызылша (54,3%), Қызылорда облысында күріш (35,8%) қымбаттаған.

"Тауар бағасын белгілеу бойынша сараптама жүргізілді. Түпкілікті тұтыну бағасы өндіруші немесе импорт бағасынан айтарлықтай қымбат. Мәселен, өндірушінің бағасы сәбізге 67 теңге болса, базардағы бағасы 151 теңгені құрайды. Үстеме баға – 84 теңге. Біз биыл инфляцияны белгіленген межеде ұстап қалу үшін 10 түрлі тауарды анықтадық. Олар – пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және нан. Тауарлардың осы түріне күшейтілген бақылау енгізу, сондай-ақ олардың бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдау ұсынылды", – дейді Руслан Дәленов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel