RU
Владимир Путин ішінен сүйіп алған кішкентай баланың тағдыры қалай өзгерді?

Владимир Путин ішінен сүйіп алған кішкентай баланың тағдыры қалай өзгерді?

Рассказать Вконтакте

Осыдан 13 жыл бұрын Владимир Путин күтпеген жерден кішкентай баланың ішінен сүйіп алған еді. Содан бері ғаламторда осындай құрметке бөленген Никита Конкин туралы түрлі ақпараттар тараған. Ал бүгінде жас жеткіншектің өмірі қалай өзгерген? Бұл сұраққа bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Ерекше оқиға 2006 жылдың 28 маусымында Кремльде орын алған. 2001 жылы дүниеге келген Никита ол уақытта бес жаста еді. Бұл жағдай тек куәгерлердің ғана емес, RTVI телеарнасының журналистерінің назарына іліккен.

Никита әкесімен. Фото: bigpicture.ru

Никита әкесімен. Фото: bigpicture.ru

Никита Конкин Мәскеу облысы Коломна қаласында қарапайым жанұяда дүниеге келген. Оның әкесі-ведомстводан тыс күзет қызметкері, ал анасы үйде отырады. Жеткіншек бүгінде 18 жаста. Ол №2 "Квантор" гимназиясын тәмамдап, Рязань мемлекеттік радиотехникалық университетіне оқуға түскен.

Никита анасымен. Фото: bigpicture.ru

Никита анасымен. Фото: bigpicture.ru

Жас жігіт рок жанрын жақсы көріп тыңдайды. Ол ресейлік "Ария", "Би-2", "Кароль и Шут" және "Сектор газа" топтарын сүйіп тыңдайды. Одан бөлек, Никита Counter-Strike: Global Offensive және Dota 2 ойындарын ұнатады.

Жеткіншек Ресей президентімен екінші рет кездеспеген. Ол 2012 жылы "Собеседник.ру" басылымы арқылы Владимир Путинді 60 жасқа толуымен құттықтаған. Ал тілшілерге берген сұхбатында әжесі сол кездегі суреттерді әлі сақтайтынын, үйінде Путин жайлы үлкен кітап бар екенін айтқан.

Никита Конкин. Фото: bigpicture.ru

Никита Конкин. Фото: bigpicture.ru

"Бұрын мен президент болғым келеді деп айтатынмын. Қазір қаламаймын. Мен Владимир Владимировичке не тілегім келеді? Ең бастысы, денсаулық. Елімізді жақсы басқарса және көп рет қайта сайланса деп тілеймін", -деді ол.

Қорыта айтқанда, тарихи оқиға баланың тағдырына еш өзгеріс әкелмеген. Алайда, Ресей көшбасшысының Никитадан бөлек табынушылары өте көп.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
2
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel