RU
Жүктілігін толғағы келген уақытта ғана білген әйел өмірге үшем алып келді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жүктілігін толғағы келген уақытта ғана білген әйел өмірге үшем алып келді

Рассказать Вконтакте

Американың Оңтүстік Дакота штатында орналасқан Стерджис қаласының тұрғыны жүкті екенін толғағы келген уақытта ғана біліп, өмірге үшем алып келді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Басылымның мәліметінше, 10 тамыз күні Даннетт Гилтц (Dannette Giltz) ішінің қатты ауырғанын сезген.

"Мен бұны бүйректегі тастар деп ойладым, себебі менде бұрыннан бар еді", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Дәрігерлер америкалық әйелді тексеріп, оның құрсағында егіздері бар екенін жеткізген.

Бірақ босану кезінде оның үш баласы бар екені, яғни ұл мен екі қызға жүкті болғаны анықталды.

Ата-аналар нәрестелерді Блейз, Джипси және Никки деп атаған. Үшемдердің салмағы шамамен 1,8 келідей болды.

"Ешқайсымыз табиғи жолмен жүкті болған үшемді көрген жоқпыз, анасы 34 аптаға дейін жүктілігі туралы білмеген. Сол себепті барлығы таңғалуда", - делі Даннетт.

Айта кетейік, үшемнен басқа Даннетт және оның 12 жыл некеде тұрған күйеуінің екі баласы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel