RU
ШҚО-да жоғалған бір жарым жасар баланың мәйіті табылды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да жоғалған бір жарым жасар баланың мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ШҚО полиция қызметкерлері жоғалған баланың мәйітін тапты, деп хабарлайды өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"20 тамызда Алтай ауданы Средигорное ауылында полиция қызметкерлері су мен балшықты сору арқылы құдықтарды қайта тексерді. Нәтижесінде баланың есік алдындағы құдыққа батып кеткені анықталды. Оның мәйіті балшық қабатының астынан табылды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы тексеріс жүргізуде. Комиссиялық сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Бүлдіршіннің денесі Сот сараптамалары орталығына жіберілді.

Еске сала кетейік, бір жарым жасар Әлихан есімді бала 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Средигорное ауылында жоғалған болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel