Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман кеудені үлкейтудің сырын ашты

Опубликовано:

Әйел адамның кеудесі оған өзіне деген сенімділік беретіні белгілі. Кейбір нәзікжандылар туғанынан табиғи мінсіз мүсінге ие, ал енді бірі мінсіздікке қол жеткізу үшін пластикалық отаға жүгінуге мәжбүр. Британияның Жаклин Льюис есімді хирург маманы кеудеге қатысты үш қағиданы жоққа шығарып, әдемі мүсінге ие болудың құпиясын ашты деп хабарлайды sok.media сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Іш киім кеуденің пішінін сақтамайды

Хирург іш киімнің әйел адамдарға кеуде пішінін сақтап қалуға көмектеспейтінін сөз етті. Оның айтуынша, ол тек кеудені көрікті етіп көрсете алады, ал оны шешкен қыз-келіншектің кеудесі қайта табиғи қалпына келеді екен.

Кеуденің серпімділігіне физикалық жаттығулар еш әсер ете алмайды

Жаклин Льюис кеудеге физикалық жаттығулардың әсер ете алмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, әйел адамның кеудесінің иілгіштігі мен серпімділігіне май мен кеуде тіндерінің көлемі әсер етеді.

17 жастан кейін кеуде өспейді

Маман бұл қағиданы жоққа шығарды. Бала босанған немесе жүкті әйелдің кеудесі едәуір өседі. Ал климакс кезінде оның серпімділігі жоғала бастайды.

Пластикалық отасыз кеудені үлкейту

Маман кеудені ұлғайтудың бірден бір тәсілі - күнделікті фенхель (үлкенаскөк) шайын ішу деген тұжырым жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811934-maman-keudeni-lkejtudi-syryn-asty/

pixel