RU
Атамбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды (видео)

Атамбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Рассказать Вконтакте

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қамаудағы мерзімін ұзарту туралы отырыс өтті деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесарев бұрынғы президенттің 26 қазанға дейін қамауда болатынын атап өті.

Оның сөзінше, бұл шешім заңсыз болып табылады.

Адвокат соттың бұл шешіміне шағымданатынын айтты.

Еске сала кетсек, 27 маусымда Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылған. Бұрынғы Қырғызстанның басшысы осы мәселеге қатысты шағым түсірген.

Оны бірнеше рет сотқа шақырған. Ал шілденің соңында тергеушілер атышулы қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты жауап алу үшін Атамбаевтың резиденциясына барған. Бірақ оларды ішке кіргізбеген.

7 шілдеде Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланды.

Арнайы жасақ оның Қой-Таштағы резиденциясына шабуыл жасағанымен, бұрынғы басшысының жақтастары оларға тойтарыс бере білген.

Алайда 8 тамызда қарулы күштер шабуылды қайта бастап, нәтижесінде Атамбаевтың өзі берілген.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақ ниетте болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel