RU
"Ешкім өлген жоқ": Тұрғымбаев Павлодар облысындағы қақтығыс туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Ешкім өлген жоқ": Тұрғымбаев Павлодар облысындағы қақтығыс туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Павлодар облысында жергілікті тұрғындар мен күзет қызметкерлері арасында болған қақтығысқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайы KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Министр оқиғаның заңсыз балық пен шаян аулауға байланысты туындағанын атап өтті.

"Қазір шаяндарды аулауда браконьерлікке жол бермеу үшін, табиғатқа едәуір залал келтірмеу мақсатында арнайы квота белгіленген. Жергілікті тұрғындар бұл шаяндарды квотасыз аулай бастаған соң, кәсіпкер күзет фирмасын жалдаған", – дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Ол аталған күзет фирмасының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болғанын жеткізді.

"Түсініспеушілік төбелеске ұласып, травматикалық қару қолданылған. 5 адам дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. Қуанышқа орай, өлім жоқ, ешкім ауыр жарақат алмады", – деді министр.

Қазіргі уақытта оқиға орын алған жерде полиция жасақтары күшейтілген. Аталған факт бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл іс бақылауда. Бүгіннен бастап жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы оқиға орнына аттанды. Түстен кейін ол сол жерден брифинг өткізіп, оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып береді", – деді Ішкі істер министрі.

Еске сала кетейік, 18 тамыз күні кешке Павлодар облысындағы Маралды көлінің жағалауында қарулы қақтығыс орын алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel