RU

Орманды кезген тылсым жаратылыс иесі ер адамның үрейін ұшырды

АҚШ-тың Миссисипи штатының тұрғыны Джош Хайклифф орманда қара түсті жануарды көріп, о баста оны қабанмен шатастырып алған. Алайда анықтап қарағанда оның шын мәнінде тылсым жаратылыс екенін түсінген деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Тылсым жаратылыс үлкен маймылға көбірек ұқсаған екен.

Ер азамат бұрын соңды қауесеттерді жиі естіп жүргендіктен, өзі көрген "әлдекімді" қар адамына теңейді.

Тылсым жаратылыс иесі орманда кезіп жүрген. Ер адам бірден мұны видеоға түсіріп алуды жөн көріпті.

Алайда маймылға ұқсас жануар екі аяқтап жүре бастағанда азаматтың үйрейі ұшқан.

Аталған видео 2013 жылы түсірілген, алайда енді ғана әлеуметтік желілерге белсенді түрде тарай бастапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1811961-ormandy-kezgen-tylsym-zaratylys-iesi-er-adamny-rejin-syrdy.html