RU
Пойыздың астына басымен кірген: Тергеушілер Шалқардағы оқиғаны баяндады

Пойыздың астына басымен кірген: Тергеушілер Шалқардағы оқиғаны баяндады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында әйел адам пойызға секіріп, екі аяғынан айырылып қалды. Тіркелген оқиғаға қатысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 33 жастағы станция кезекшісі пойыз астына басымен кіргені белгілі болды. Келіншектің суицид жасағаны немесе басы айналып құлағаны белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оқыс оқиға, бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Астана уақытымен 9:56 мезгілінде "Алматы-Ақтөбе" пойызының жөнелтілу сәтінде болған.

"Пойыз үшінші жолдан жылдамдық ала бастаған кезде әйел адам еңкейіп басымен пойыз астына қарай кірген. Айқайлаған дауыс шыққаннан кейін Шалқар станциясының желілік полиция бөлімінің кезекшісі белгі беру арқылы пойызды тоқтатқан.

Сол жерде дереу тежегіш краны қолданылып, қозғалып бара жатқан пойыз тоқтатылады.

Пойыздағы жедел жасақ перронға шыққанында жетінші вагонның қасында полиция кезекшісі тұрған. Астында әйел адам жатқан.

Оқиға суицид па әлде әйел адамның басы айналып құлап қалды ма белгісіз. Қалған сұрақтар тергеу барысында анықталатын болады",- деді Қандыағаш станциясы желелік полиция бөлімінің тергеушісі Ернұр Құлманов.
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel