Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор сотта Анастасия Галееваның қалай өлтірілгенін айтты

Опубликовано:

Алматы облысы Қарасай ауданында Анастасия Галееваның өліміне қатысты сот басталды. Қылмысқа күдікті ретінде 27 жастағы Евгений Степанов пен 25 жастағы Асхат Баржаксин танылып отыр. Прокурор айыптау актісін оқыды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Анастасия Галеева. Фото: туыстарының мұрағатынан
Анастасия Галеева. Фото: туыстарының мұрағатынан: UGC

Мемлекеттік айыптау бойынша, 9 ақпанда кешке екі күдікті "Жаңа қуат" тұрғын-үй кешенінде тұратын Степановтың үйіне барады. Ол жерде Степановтың әйелі мен құрбысы Анастасия Галеева да болған. Олар сыра іше бастайды, ал түнгі сағат бірден кейін бәрі бірге ваннаға барып, белгісіз затты шегеді ("жылдамдық").

Баржаксин мен Степановтың әйелі ұйықтап қалады.

Прокурор айтқандай, Евгений мен Анастасия ванна бөлмесінде қалып, "жыныстық қатынасқа түседі, қатынас барысында оральді секспен де айналысады".

Одан кейін Степанов ұйықтамақ болған, бірақ Галеева тыйым салынған затты одан әрі қолдануды талап етеді, әйтпесе, екеуінің жақындасқаны туралы әйеліне айтамын деп қорқытады.

Әрі қарай, айыптаушы айтқандай, Степанов Галееваны тұншықтыра бастайды және оның жағына бірнеше соққы жұмсайды. Нәтижесінде Анастасия механикалық тұншығудан қайтыс болды.

Сөйтіп, ер адам Баржаксинге болған мән-жайды, ал әйелі Романоваға қонақ белгісіз затты көп пайдаланғаннан қайтыс болды деп айтады. 10 ақпанда кешкісін екі ер адам Галееваның денесін шығарып, оны Комсомол ауылындағы каналға тастайды.

Естеріңізге салсақ, құрбысына кеткен 22 жастағы Анастасия Галееваның жоғалғаны туралы оның туыстары хабарлаған болатын. Жоғалғанынан екі ай өткен соң, бойжеткеннің денесі Алматыға жақын су арнасынан табылды.

Ал оның жолдастары қыздың табиғи өліммен көз жұмғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811975-prokuror-sotta-anastasia-galeevany-kalaj-ltirilgenin-ajtty/

pixel