Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жас жігіт компьютерлік клубтың келушілерін тонады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері компьютерлік клуб келушілерінің сеніміне кіріп, олардың мүлкін қолды қылған 27 жастағы ер адамның қатысуымен алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде деп хабарлайды полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күдікті. Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
Күдікті. Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі: UGC
"Тек бір ай ішінде 1992 жылы туған азамат А. ұқсас 4 қылмыс жасаған. Оның ішінде бөтен мүлікті ұрлау да бар. Ер азамат компьютерлік клубтарға келіп, компьютер алдында ұзақ уақытын өткізіп, желілік ойындар ойнаған.
Сол жерде басқа келушілермен танысып, олардың сеніміне кіріп, ұялы телефондарын сұраған. Ойыншылар жанында ұрының отырғанын байқамастан оған өздерінің қымбат ұялы телефондарын беріпті.
Бейтаныс адам байланыстың дұрыс істемей тұрғанын сылтау етіп, тысқа шығып, сол күйі қайтып оралмаған", - деп хабарлайды Әуезов ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жасұлан Тұрыспаев.

Қазіргі уақытта полицейлер азамат А.-ның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188 және 190 баптарына сәйкес жүргізілуде.

Полицейлер күдіктіні таныған адамдардың 8-701-252-50-50; 298-53-71 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811979-almatyda-alaak-komputerlik-klubty-kelusilerin-tonagan/

pixel