RU
Ерлан Тұрғымбаев тұрғынның шағымынан кейін Екібастұздағы полицейлерді жұмысынан босатты

Ерлан Тұрғымбаев тұрғынның шағымынан кейін Екібастұздағы полицейлерді жұмысынан босатты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық істі созғаны үшін Екібастұздағы төрт полиция қызметкерін жұмыстан шығарды деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Екібастұз тұрғыны Ішкі істер министріне үндеу жолдаған болатын. Ол салдарынан екі адам қаза болған газ баллондарының жарылу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысының созылып кеткеніне шағымданған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өңірге Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберілді. Олар қызметтік тексеріс барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын бұзу, сондай-ақ газ баллондарының жарылу ісін тергеу мерзімін негізсіз тоқтату шешімі бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықталды.

Нәтижесінде Екібастұз полиция басқармасы тергеу бөлімінің басшысы және оның үш қызметкері жұмысынан босатылған.

Сондай-ақ Павлодар облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының лауазымды тұлғалары тәртіптік жазаға тартылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel