RU
Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Ерлан Қалижанұлы Бекхожин "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

Ерлан Бекхожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген.

Ол Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "журналист", Орталық Азия университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

1985-1992 жылдары Қазақ радиосының "Панорама дня" ақпараттық бағдарламасын жүргізген.

1992-1994 жылдары Қазақ телевизиясында комментатор, ақпараттық бағдарламаларда бас редактордың орынбасары қызметін атқарған.

1994-1997 жылдары - "Хабар" агенттігі ақпараттық бағдарламалар жүргізушісі және "Жеті күн" ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.

1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы "Мир" халықаралық телерадио компаниясының директоры.

2003-2009 жылдары "Литер-Медиа" ЖШС бас директоры, "Литер" және "Айқын" газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы болды.

2009 жылдың ақпан айынан бастап президент телерадио кешенінің ("Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) бас директоры.

2016 жылдың 29 желтоқсанынан бастап "Бас редакторлар клубының" президенті қызметіне тағайындалған.

Бекқожин "Құрмет" орденінің иегері (2006).

"Жылдың үздік журналисі" номинациясы бойынша "Алтын Жұлдыз сыйлығының лауреаты (1996), журналистика академиясының академигі, Ресей (1997) және Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000), БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы президенті сыйлығының лауреты (2008).

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel