RU
Жәйремдегі шуға қатысты жеті адам қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Жәйремдегі шуға қатысты жеті адам қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысындағы Жәйрем кен-байыту комбинатында жаппай төбелес ұйымдастырды деген күдікпен жеті адам қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Жанжал шығарғандар мен бұзақылық жасағандар – жетеу. Олардың кінәсі әлі сотпен дәлелденбеген. Алайда, күдіктілер бұзақылық және ұрлық жасағандарын мойындап отыр.

Полиция "Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жарияламауды" қарастыратын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сүйене отырып, нақты не ұрланғанын хабарлаған жоқ.

Өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметі басшысының қызметін атқарушы Бақытжан Құдияров күдіктілердің изоляторға қамалғанын атап өтті.

"22-33 жас аралығындағы жеті азамат изоляторға қамалды. Олар кінәларын мойындап отыр", – деді ол.

Еске сала кетейік, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатында жаппай төбелес болып, оннан астам адам жарақат алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel