RU
"Бетімен кеткендік": Жаманқұлов телеарнаға қалай болса солай шығатын өнер иелерін сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бетімен кеткендік": Жаманқұлов телеарнаға қалай болса солай шығатын өнер иелерін сынға алды

Рассказать Вконтакте

Халық әртісі, мемлекеттік және жастар одағы сыйлықтарының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов бүгінгі таңда түрлі сұхбатқа, телеарнаға қалай болса солай келе салатын өнер иелерін сынға алды деп жазады "Жас қазақ" басылымы.

Басылым тілшісі актерден: "Бибігүл Төлегеновадан сұхбат алайын деп хабарластым. Мазасы болмай жатыр екен. "Газетке ғой. Сахнаға шығатындай дайындалмай-ақ қойыңыз. Демалып жатып сұхбат берсеңіз де болады" дедім. Көнбеді. "Бибігүл деген атыммен төсекте қобырап жатып сұхбат бермеймін. Ондай мәдениет жоқ менде" деді.

Қазіргі әншілер газет түгілі, телеарнаға ұйқысы қанбай, шашы қобырап, тіпті іш киіммен шыға береді. Бұл мәдениет пе, әлде жаһандану ма?", - деп сұраған.

Театр әртісі мұндай әрекетті олардың жаһанданудан емес, білімсіздіктен жасайтынын айтты.

"Бетімен кеткендік. Әдепсіздік. Білімсіздік. Арзан пиар. Шерағам айтқандай "қазаннан қақпақ кеткені", ышқырдың бауы үзілгені. Бірақ бәрі емес шығар, бірлі-жарым жарыместері болмаса.
Бибігүл апамдар тектілердің, могикандардың соңы ғой. Мына бір оқиға есіме түсе береді. Ұстазым Хадиша Бөкеева ауруханада тәсілімде жатты. Көңілін сұрай барғанымда, ә дегеннен палатасына кіргізбей, қасында тұрған медбикеге "шашымды түзеп, бетіме опа жақшы" депті.
Жан қиналысын көрсетпей, тектілікпен бақұлдасқаны. Не дейін, қайсыбірін айтайын", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
1
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel