RU
Жамбыл облысында 200 мың теңге пара алған әкімге он млн теңге айыппұл салынды

Жамбыл облысында 200 мың теңге пара алған әкімге он млн теңге айыппұл салынды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін жазаға тартылды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Шалбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімін беру туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара алған.

16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, бұрынғы әкімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.

Айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуі тиіс, олай болмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel