RU
Алматыда жас келіншекті кішкентай баласымен қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Алматыда жас келіншекті кішкентай баласымен қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада әйел адам мен оның кішкентай баласын қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 9 тамызда сағат 21:00 де Бұрындай көшесінде болған еді. BMW автокөлігінің жүргізушісі 1996 жылы туған келіншек пен оның бес жасар баласын қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Алған жарақаттарынан келіншек оқиға орнында көз жұмса, ауруханаға жеткізілген бүлдіршін сол жерде жан тапсырған.

"Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жақында 1986 жылғы күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің тергеу басқармасы.

Полиция ұсталған азамат Д.-ға Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылғанын мәлімдеді: 345-бабының 4-бөлігі – екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы және 347-бабы – оқиға орнынан кетіп қалу.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel