RU
Байбек әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықтың қайта ауысуына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Байбек әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықтың қайта ауысуына қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың бұрынғы әкім Бауыржан Байбек Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы жылдамдықтың өзгеруіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Байбек әлеуметтік желідегі талқылауларды бақылайтынын айтқан.

Ол сондай-ақ, Алматы өліммен аяқталатын жол апатының саны бойынша өз елімізде ғана емес, әлем елдері арасында да алдыңғы орындарды алатынын жеткізген.

Экс-әкімнің сөзінше, оның командасы жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу барысында әлемдік үздік тәжірибеге, ДДСҰ ұсынысы мен заманауи трендтерге сүйене отырып жасаған.

Сонымен қатар, ол енді қаланы әріптесі басқарып отырғанын, шешімді соның қабылдайтынын және оған ақыл айтуды артық деп есептейді.

Естеріңізге салсақ, 19 тамызда әл-Фараби мен Шығыс айналма жолда сағатына 80 шақырыммен жүру режимі қайтарылатыны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel