RU
Бес айлық қызын үшінші қабаттан лақтырып жібермек болған ер адам жаға ұстатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бес айлық қызын үшінші қабаттан лақтырып жібермек болған ер адам жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Мордовияның Саран қаласында сәбиін үшінші қабаттан лақтырып жібермек болған ер адамның әректіне тосқауыл қойылды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері бес айлық нәрестені аман алып қалған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Құқық қорғау органдарына тұрғындардан баласын үшінші қабаттан лақтырып жібергелі тұрған ер адам туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына келген полицейлер көрші пәтердің балконынан бес айлық сәбиді құтқарып қала алды. Нәресте медициналық қызметкерлерге берілген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеушілер 19 тамыз күні өзінің бес айлық қызын өлтіруге оқталғаны үшін күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Мордовия Республикасы бойынша Ресей тергеу комитеті РФ ҚК 105 (кісі өліміне бару) бабында қарастырылған қылмысқа барған 37 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тергеушілер болған оқиғаның түрлі себептерін және күдіктінің сәбидің анасымен жанжалдасқанын тексеруде.

Басылымның мәліметінше, сәбиді құтқарған учаскелік уәкіл Василий Мартыновтың 21 тамыз күні полицияда қызмет еткеніне екі жыл толады екен. Бүгін ол тәуліктік кезекшіліктен кейін демалысқа шыққан.

"Ол өзін қаһарман деп есептемейді екен. Өзінің орнында болған кез келген адам осындай қадамға барар еді деп есептейді. Сондай-ақ, ол сол сәтте баланы аман алып, ер адамды залалсыздандыруды ғана ойлағанын сөз етті. Қызметкер өзінің өмірі жайлы ойлауға уақыт болмағанын айтты", - дейді ведомстваның баспасөз қызметіндегілер.

Ал құтқару операциясынан видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel