RU
Жаңа министр Біржан Нұрымбетов туралы не білеміз?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жаңа министр Біржан Нұрымбетов туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды. Бұл лауазымға Біржан Нұрымбетов келді. Бұрын аталған қызметті Бердібек Сапарбаев атқарған болатын KAZ.NUR.KZ.

Фото: fprk.kz

Фото: fprk.kz

Ашық ақпарат көздерінде жаңа министрдің 1968 жылы 19 наурызда өмірге келгені жазылған.

Нұрымбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Механика және қолданбалы математика" мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

Ол 1993 – 1996 жылдар аралығында – Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы;

1996 жылы – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі;

1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;

1997 – 2008 жылдар аралығында – "Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы" РМКК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры;

2008 – 2009 жылдар аралығында – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;

2009 – 2012 жылдар аралығында – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2012 – 2015 жылдар аралығында – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2015 – 2017 жылдар аралығында – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017жылы қаңтар айынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2017 жылы желтоқсаннан бастап кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Сапарбаев 20 тамызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындады.

Ал үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Гүлшара Әбдіқалықова мәжіліс депутаты болды.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті қаулысымен Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атанды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel