RU

Бердібек Сапарбаев жаңа қызметінде немен айналысатынын айтты

Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіндегі алдағы жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Енді ол әлеуметтік блокты басқарады.

Сапарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, білім мен денсаулық cаласының сапасы мен қол жетімділігін жақсарту үшін жұмыс істеуге тура келетінін атап өтті.

Одан бөлек, ол азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарын қолдаумен айналысуға ниетті екенін білдірді.

Премьер-министрдің орынбасары билік пен қоғам арасындағы диалогқа ерекше көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын да жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812070-berdibek-saparbaev-zaa-kyzmetinde-nemen-ajnalysatynyn-ajtty.html